Түркияның Тәуелсіздік мейрамы аталып өтті

2227
Adyrna.kz Telegram

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетіне қарасты ТүркСОЙ кафедрасында Түркия Республикасының құрылуының 93 жылдығына «Түркілердің мерейлі мерекесі» атты салтанатты кеш өтті. 

Салтанатты шара Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының мемлекеттік әнұрандарымен ашылды. Ең бірінші әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Баян Жұбатова сөз сөйлеп, түркиялық бауырлас халықты төл мерекесімен құттықтады. «Қазіргі ТүркСОЙ, бұрынғы Түріктану кафедасында Түркия Тәуелсіздік күнін жыл сайын атап өту дәстүрге енген. Бұл игі дәстүр әрмен қарай да жалғасын тауып отырады. Биыл бұл шара өзгеше, айрықша дайындықпен аталып өтіп отыр» дейді факультет деканы.

dsc08905

Келесі кезекте Түркия Республикасының Алматыдағы Бас Консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза сөз алып, ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді. Екі елдің туыстық қарым-қатынасын нығайтудағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факултьтетінің, оның ішінде ТүркСОЙ кафедрасының орасан зор үлесін атап өтті. Рыза Қаған Йылмаз мырза өз сөзінде Қазақ елі мен Түркияның ұзақ жылғы бауырластық қарым-қатынасына толымды шолу жасап шықты. Бұдан кейін Мұстафа Кемал Ататүрік туралы шағын деректі фильм көрсетілді. Әсіре діншілдік тұңғиығына кетіп, құрдымға түскен Османлылар патшалығын жаңаша зайырлы даму даңғылына түсірген Ататүрік түрік халықтарының бірлігі мен ынтымағы жолында да көп еңбек сіңіргені баршамызға мәлім. 1923 жылы 29 қазанда Түркия демократиялық республика ретінде жарияланды. Бұл күн бүгінде Түркия Тәуелсіздік мерекесі ретінде аталып өтеді. Бұл, әлбетте, Ататүріктің қажырлы еңбегінің арқасы болатын. Ататүріктің өз ұлтын сүйер мемлекетшілдігі әрбір елдің басшылары үшін де үлгі боларлық іс деп білеміз. Шараның құрметті қонақтары ретінде Түркі халықтары мәдени қорының президенті Ахмет Дағдұран, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор Сабри Хизметли,  Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Невзат Шимшек мырза және тағы басқа түріктанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. ТүркСОЙ кафедрасының IV курс студенті Дилярам Аюпованың оқуында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» атта түрік бауырластарға арналған өлеңін әсерлі етіп оқып шықты. Осы оқу ордасының I курс студенті Дилназ Төлегенова өр рухты көне түрік бабаларымызға арналған Мағжан Жұмабаевтың dsc08953«Түркістан» атты өлеңін ортаға салды. Сонымен қатар, II курс студенттері тарапынан «Халай» атты түріктердің халық биі ел назарына ұсынылды. Ал I курс студенттері қазақтың халық биі «Қара жорғаны» билеп, ел қошаметіне бөленді. Сұлтан Смақов, Дәулет Тоқболатов есімді студенттер түрік тілінде мәнерлеп өлең оқып, көрерменнің көңілін қош етті. Шараға арнайы келген «Қазақфильм» киностудиясының редакторы, сценарист, белгілі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай ағамыз Балуан Шолақтың «Сентябрь» әнін шырқата орындап, жиналған жұртты ерекше тәнті етті. Халықтың сұрауы бойынша ол екінші рет сахнаға шығып, Біржан салдың «Оң саусақ» әнін құбылта, арқалана орындап, қазақтың ұлттық өнерін өз деңгейінде таныта білді. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының I курс студенті Мұхтар Әділ қазақтың белді композиторы Құлшардың «Кербезкерік» күйін, әйгілі дәулескер күйші Дәулеткерейдің «Түркімен» («Көрұғлы») күйін орындап, жұртшылық назарына ілікті.

dsc08955Кеш соңында ТүркСОЙ кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Ерден Задаұлы Қажыбек мырза қортынды сөз сөйлеп, жиналған қауымға алғыс білдірді.


Арман СЕРІКҰЛЫ

Пікірлер