Білім саласындағы өзекті мәселелер

2864
Adyrna.kz Telegram

«ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің экс-басшысы Талғат Нәрікбаев қазақстандық білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерді атады. Өзінің Facebook парақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарған маңызды істері жайлы жазды.

Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, жоғары, техникалық және кәсіптік білім саласындағы мемлекеттік тапсырыстың тиімсіздігі – қазіргі таңдағы өзекті мәселердің бірі. Экс-басшы осы уақытқа дейін жоғары оқу орындарына бөлінген қаржының негізділігін тексеруге мүмкіндік болмағанын айтады. Сондай-ақ «ADAL BILIM» жұмысы нәтижелерінің ішінде ЖОО-лар арасындағы «стипендиялық қорды» бөлу алгоритмін өзгерткенін де атап өтті.

«ADAL BILIM» жобалық кеңсесі колледждерде талапкерлерді қабылдау мен олардың арасында мемлекеттік гранттарды бөлу барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтады. Енді ТжКБ саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын тарату тәртібі өзгертіліп, бақылау орталықтандырылады.Сонымен қатар «стипендиялық қордың» қаражаты  жоғары оқу орындарына олардың қатысуынсыз, автоматты түрде бөлінетін болады», – деп баяндайды ол.

Жазба соңында Талғат Нәрікбаев Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатындағы депутаттық қызметінде елордамыздың білім беру, қоғамдық қауіпсіздік (құқықтық тәртіп) және денсаулық сақтау салаларын дамытуға көңіл бөлетінін айтты.

«ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікірлер