PREPRINT жайында хабардар ма едіңіз?

3623
Adyrna.kz Telegram

Preprint – бұл рецензияланатын ғылыми журналда жарық көретін ғылыми мақаланың жарияланбай тұрған уақыттағы нұсқасы, бір сөзбен айтсақ, қолжазба түріндегі түпнұсқасы. Ғылыми мақаланың Preprint нұсқасы мақала жарияланғанға дейін немесе жарияланғаннан кейін, тіпті түзетіліп, қателер қаралған нұсқасы түрінде де қолжетімді болуы мүмкін.

Ғылыми мақаланың Preprint басылымы сирек кездеседі. Алайда жұмыстың нәтижелері, тұжырымдамалары нақтылау барысында автор ғылыми ортаны өзінің талдауымен таныстырғысы келген мақсатта бұл өте құнды. Себебі Preprint нұсқасы автордың өз саласының жетік маманы екендігін көрсетеді.

Preprint сонымен қатар, рецензияланатын ғылыми базаларда ғылыми мақала, ғылыми монографиялар жарық көргенге дейін ұсынылатын шағын көлемдегі зерттеу десек те болады. Мұндай Preprint нұсқалар редакциялаудан өтпейді, сондықтан грамматикалық, пунктуациялық қателер де болуы мүмкін.


Preprint егер е-Preprint деп аталса, бұл оның интернетте орналастырылған электронды нұсқасы деп тануымыз керек.

Рецензияланатын ғылыми мақалаңыз жарық көргенге дейін Preprint нұсқасын жарияласаңыз, Scopus –та оны мақалаңыздың түпнұсқасы ретінде тіркеп қоюға болады.

Бұдан былай 2017 жылдан бері қарай жарияланған Scopus –тағы мақалаларыңыздың Preprint нұсқасы аталған базада анық көрініп тұратын болады. Әрине, ол жарияланған болса...

Ғылыми мақаланың Preprint нұсқасын ұсыну академиялық ортада маңызды ма? Өте маңызды.
Ғылыми зерттеуінің Preprint нұсқасын еркін талқылауға ұсынған ғалым зерттеу саласы бойынша әлемнен өз орнын алып қана қоймай, өз елінің ғылымын алдыңғы орынға шығару мүмкіндігі бар.

Арай ЖҮНДІБАЕВА,
философия (PhD) докторы,
лингвист, әдебиет зерттеушісі
Пікірлер