«Путин бізге қарсы агрессия жасай ма деп қорқамын»

3890
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі халық толқынысы басылмай тұр. Алексей Навальныйдың босатылуын талап еткен жұрт күш-құрылымдары мен полицияның ескертулеріне қарамастан шеруді жалғастыруда. Аталған мәселе Қазақ еліне қалай әсер етеді? Путиннің орнынан кетуі мүмкін бе? Осындай сауалмен еліміздегі саясаттанушы және басқа да азаматтық қоғам өкілдерінің пікірін біліп көрген едік.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

- Соңғы 7-8 жылда Ресей экономикасы мүлде өспеді десе де болады. Экономикасы қатты тоқырауға ұшырады. Қазір Ресей АҚШ-пен «қырғи-қабақ соғыс» жүргізіп жатыр. Бұл Кеңес Үкіметі кезінде де болған. Бірақ ол кездегі КСРО кезіндегі жағдайға қарағанда экономикасы тұрақсыз қазіргі Ресейдің дамыған АҚШ-қа сай келмейтіні анық. Ресей Донбасс пен Луганскте соғысы оның әлеуетінің жағдайы мәз емес екенін аңғартты. Ресейдің әлемдік аренада, Еуропа елдері алдындағы абырой-беделі түсті. Экономика жағынан қатты құлдырап барады.

Путин Ресейде дербес билікті ұстап тұр. Экономикадағы стагнация 7-8 пайыздан артық өсіп кетті. Ресей экономикасы кері дамып келеді. Ресейдің құрамындағы Шешенстан Ресейге бағынған түр көрсеткенімен, шын мәнінде бағынбайды. Қырымды алдап алды. Батыс бірінен соң бірін санкциялар салып жатыр. Ресейдің қазіргі жағдайы мәз емес. Белорусьті қосып алғысы келді. Ресейдегі болып жатқан халық толқынысы локалды сипат алды. Ол Қиыр Шығысты үлкен аумақты алады деп күтілген. Бірақ олай болмады. Навальный жемқорлыққа қарсы шығады деп түсінген.

Қазір ол Путиннің өзіне ауыз салды. Бірнеше мәрте қуғындалса да, қайсар жігіттің жеңілетін түрі көрінбейді. Ресей империяшыл халық. Экономикасы құлдырап жатса да, империялық дүркіреп тұрсын деген түсінік басым. Митинг болып халық толқуының негізгі себебі ұрлық көп. Путинді «Бас ұры» деп жатыр. Бірақ Путин орнынан өз бетімен кетпейді. Оның қазір жасы 68-ге келді. Аз-маз белі ауырғаны болмаса, денсаулығы әлі мығым. Путин орнынан өз бетімен кетпейді. Ресейдің түбіне жететін түрі бар. Осыған дейін 5 орында тұрған. Қазір экономикасы мүлде өспеген күйі қалған. Путин ешкімге сенбейтін адам. Өте сақ. Менің қорқатыным Қазақстанға қарсы агрессия бастай ма деп қауіптенем. Бірақ олай жасамауы тиіс. Егер тағы бір жаугершілік әрекет жасаса, батыс қатты санкция салады. Сондықтан Путин мұндайға бармайды ойлаймын.

Қуаныш Еділхантегі, азаматтық қоғам өкілі:

- Кешеден бері Ресейден жеткен қаншама видеоны қарап шықтым. Волков деген келесі уик-эндіде тағы шығамыз деп жатты. Әрине, оларға ақыл айтатын біз емес, бірақ бір қызынып алған халықты тоқтатпай, украиндық майданға айналдырса ғана нәтиже шығуы мүмкін, әйтпесе апта бойы үй-үйді аралап, белсенділерді ұстап, өздері де демалып дегендей, күш алып кетуі мүмкін ғой?

Бізде кешегі Азаттық радиосының жарияланымы (түрік кәсіпкері Таминжи туралы), адвокат Айман ханымның мәлімдемесі, т.с.с. бар, тек... Навальный жетіспей тұр.

Тірі болғанда марқұм Дулат Ағәділ осы рөлді ойнай алар еді. Қазір білмеймін...

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер