Жемқорлыққа белшесінен батқан мемлекеттік органдар

4422
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша рейтингте көш бастап тұр деп мәлімдеді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің алқа отырысында ведомство төрағасы Алик Шпекбаев. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы vlast.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторингтің қорытындысы бойынша бұрынғысынша анти-лидерлердің бірі болып қала береді. Ведомство біздің ұсыныстарымызды, әсіресе, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау тәртібін жетілдіруге қатысты ұсыныстарды толық көлемде орындамайды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік беріп ғана қоймай, сонымен қатар бизнесте де  теңсіздіктерге әкеліп соғады. Жалпы айтқанда, байлар байып, кедейлер кедейлене береді, - деді Шпекбаев.

Ішкі істер министрлігіне келетін болсақ, Тұңғыш Президенттің "Адалдық алаңы" жобасын барлық өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар деңгейінде масштабтау туралы тапсырмасына қарамастан, ведомство "тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелері оларда толығымен шешімін тапқандай, жобалық кеңсенің ашылуына тосқауыл қойып отыр".

"Толыққанды алдын алу шаралары мемлекеттік кірістер комитетінде де жоқ, мұның айқын дәлелі азаматтар мен бизнестің кеден және салық органдарында жүйелі түрде алым - салық жинауға деген тұрақты шағымдары болып табылады", - деп атап өтті ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

 

 

 

Пікірлер