1,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген ұры ұсталды

2551
Adyrna.kz Telegram

Қарағандылық полицейлер ірі көлемде шығын келтірілген пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші өз арызында белгісіз біреудің оның пәтеріне ұрлыққа түсіп, құнды заттарын жымқырып кеткенін көрсеткен. Қаскөй ұрлыққа түскен пәтерден қолына іліккен екі ұялы телефон мен алтын бұйымдарды алып, оқиға орнынан ізін жасырған. Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құраған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 28 қаңтар күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен кешенді жұмыстардың нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 54 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ұсталған азамат істеген іс-әрекетін мойындады, одан айғақ заттар тәркіленді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер