81 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды

1862
Adyrna.kz Telegram

Есеп комитеті өзінің 2020 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдай режимі мен қатаң карантиндік шектеулерге қарамастан, комитет 117 объектіде 18 аудиторлық іс-шара өткізген. Аудитпен 47 триллионнан астам теңге қамтылды, бұл 2019 жылға қарағанда 38%-ке артық және 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 9 есе жоғары.

Наталья Годунова анықталған бұзушылықтардың едәуір сомасы 1,8 трлн. теңге - бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға тиесілі екеніне назар аударды. Ал қаржылық бұзушылықтардың көлемі қысқарған. Ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша 81 млрд теңгені құрады.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 97 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа, 44 лауазымды (жеке) тұлға және 11 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 31 материал қылмыстық-жазалау әрекеті белгілерімен құқық қорғау органдарына жолданды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер