Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

2497
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық банктің Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев еліміздің сыртқы қарызының салыстырмалы көрсеткіштері туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 160,9 млрд АҚШ долларын (немесе ІЖӨ-ге шаққанда 90,7%) құрады. Көрсетілген көлем бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен төленуге жатпайды, өйткені сыртқы борыштың шамамен 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі»,-деді ол.

Мемлекеттік сыртқы қарыз ел борышының 8,2%-ын немесе 13,2 млрд АҚШ долларын, ал квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 12,5% немесе 20,1 млрд АҚШ долларын құрайды.  Өскенбаевтың айтуынша, бұл жалпы алғанда ІЖӨ-ге шаққанда 18,8% және халықаралық тәжірибеге сәйкес, қауіпсіз деңгейге жатады.

Қазақстанның тікелей және шартты сыртқы міндеттемелері соңғы үш жыл ішінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыртқы борышын өтеу есебінен 6,2 млрд АҚШ долларына немесе 15,7%-ға азайып, 2020 жылдың 1 қазанында 33,3 млрд АҚШ долларын құраған.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер