Түркия Айға ғарыш аппаратын ұшырмақ

2221
Adyrna.kz Telegram

Анкара 2023 жылы Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Ұлттық ғарыш бағдарламасын жариялау кезінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"2023 жылдың аяғында республиканың жүз жылдығына орай біздің бірегей гибридті ғарыш кемеміз Айға қонатын болады", — деді ол.

Екінші кезеңде, яғни 2028 жылы Анкара ғарыш аппаратын жер орбитасына шығармақ ниетте.

Мемлекет басшысы өз мамандарын ғарышқа ұшырып, бәсекеге қабілетті жерсеріктерін жасауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер