Зейнетақы қаражатына баспана алу үшін қандай құжаттар керек?

1909
Adyrna.kz Telegram

Отбасы банкі әлеуметтік желідегі парақшасына зейнетақы қорындағы қаражатпен баспана алу үшін қандай құжаттар керегін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

45 күннің ішінде​ сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе​ нотариусқа барып сатып алу – сату келісім шартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін​ келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:

1.​ ​ ​Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.

2.​ ​ ​Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус)

3.​ ​ ​Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz - арқылы алуға болады)

1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек. Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF - ке тегін ауыстыра аласыз.

Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу – сату келісім шартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады. Еске салсақ, бұған дейін аталған платформада пәтер сатып алу немесе займды өтеуге арналған құжаттарды жүктегенге дейін бірреттік зейнетақы төлемін алған соң оған туысыңыз берген қаражатты қосу мүмкіндігі берілген еді.

2021 жылы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.

Пікірлер