Сәтбаевта сот: Тағы екі азамат 5 жасар қызды зорлады деген күдік бар

5460
Adyrna.kz Telegram

Сәтбаев қаласында қаршадай қыз зорланды деп жаппай тәртіпсіздік жасағандар сот алдында жауап бере бастады. Бұзақылық жасады деген айыппен 57 адам жауапкершілікке тартылуда. Ал бес жасар қызды зорлады деген күдікпен тағы екі азамат сұралып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Тереу мәліметінше, қаршадай  қызды пәтерге 62 жастағы үй иесі кіргізіп алған. Бейкүнә баланың туыстары мен көршілері қызды іздей бастағанда, пәтер иесі де түк болмағандай солармен бірге жүрген. Сөйтсе ол қорғансыз қызға дәрі беріп ұйықтатып тастаған. Ақыры күдік туғызған пәтерге еріктілер мен полицейлер басып кіріп, қызды төсектің астынан ес-түссіз күйінде тапты. Осыдан кейін жиналған жұрт пәтер қожайынын өзіміз жазалаймыз деп, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.

Көп уақыт өтпей, күдікті өткен жылдың қараша айында тергеу абақтысында асылып өлді. Ал оның қасында қонаққа келген ерлі-зайыптылардың болғаны белгілі болды. Енді сотта осы екеуі жауап беруде. Ал қаланың астаң-кестеңін шығарып бұзақылық жасағандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар екен. Сондықтан олардың ісін ювиналды сот қарайды.

«Бүгінгі күні аталған іс бойныша 57 күдікті өтіп жатыр. Олардың 44-іне бұлтартпау шарасы, қамауда ұстау шарасы қолданылған. Бесеуі – үйқамақта, үшеуі ата-ананың қарауына берілген, екеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхат және үш адам іздеуде жүрген. Оның біреуі анықталды»,-деді Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қадырбай.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер