Қытай азаматы Павлодарда заңсыз жүрген

1759
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 40 жастағы азаматын анықтады. Аталған ер адамның белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам екені белгілі болды. Ол Қазақстан Республикасына 2002 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы фирмалардың бірінде жұмыс істеу үшін келген. 2006 жылы Семей қаласына көшіп, онда Қазақстан азаматшасына үйленген, некеде екі қызы бар. Ер адамның айтуынша, ол Павлодар облысына қаңтар айында жұмысқа келген, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Ер адамның айтуынша, осы жылдар бойы ол Қазақстанға қабылдаушы тұлғалардың шақыруымен, ал соңғы рет жеке мақсатпен келген. Ол қыздарының әлі кішкентай болуына және онымен бірге Қытайға бара алмауына байланысты Қазақстанда болу тәртібін бұза отырып, қала беруге шешім қабылдаған.

Полиция қызметкерлері шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұза отырып,визада немесе көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын мерзім ішінде кетуден жалтарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын, материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілгенін атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер