Зейнетақы қоры: Ақшаны қай ем түріне жаратуға болады?

1826
Adyrna.kz Telegram

Емделу үшін зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу порталы 25 ақпанда іске қосылады, деп хабарлайды  "Отбасы банкі" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

"Соңғы жаңашылдықтарға қатысты өзгеріс енгізу үшін 3 жұмыс күні қажет. Бастапқыда қосылған кейбір сырқат түрлері алынып тасталды. Қазір барлық механизмді реттеп жатырмыз. Бұл іс бірнеше кезеңнен тұрады. Өтініш беруші өз өтінішінің "Отбасы банкі" порталынан БЖЗҚ сайтына жіберіліуін екі күндей күтетін болады. Әдетте бұл бір жұмыс күні ішінде жасалады. БЖЗҚ бес күн ішінде ақшаны арнайы есепшотқа аударуы тиіс", – деді Ләззат Ибрагимова.

18 ақпандағы жағдай бойынша "Отбасы банкінде" 160 мыңнан астам арнайы есепшот ашылған. 96 мыңнан астам қазақстандық баспанаға жұмсау мақсатында өтініш рәсімдеген.

"Бағдарламаны күтіп отырған көптеген адамның медициналық картасында диагнозы бар. Ережеге сәйкес,  адам өтініш берген соң 5 күн ішінде дәрігерлер кеңесі жиналады. Кеңес өткеннен кейін екі күні ішінде комиссия хатшысы клиентке нақты жауап жеткізуі тиіс. Комиссия қорытындысы порталда клиент берген өтініш жанында бекітіледі", – деп түсіндірді банк басшысы.

Емделу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша алуға өтініш беру механизмі баспана жағдайын жақсартуға берген өтінішпен бірдей болады.

Пікірлер