12 өңірде дабылды ескерту жарияланды

2846
Adyrna.kz Telegram

Наурыздың оны күні ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнайды, деп хабарлады "Қазгидромет".

12 өңірде дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с шамасында.

Батыс Қазақстан облысындада дәл осындай ауа райы.

Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қызылорда облысындакөктайғақ, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында тұман, көктайғақ және жел болады.

Түркістан облысында таулы аймақтардажауын жауады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз көктайғақ әрі тұман болады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын болады. Тұман және көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын жүреді, тұман және көктайғақ болады.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын.

Жамбыл облысында тұман болады. 10-11 наурызда көктайғақ, 10-12 наурызда желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында да дәл осындай ауа райы.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Жел күшейіп, көктайғақ болады. Түнде: -11-13°C, күндіз: -1 - -3°C.

Алматыда күн бұлтты. Түнде 2+4°C, күндіз +13+15°C. Жел жылдамдығы -  2-7 м/с.

Шымкентте желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде +6+8°C, күндіз +9+11°C.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер