121 мың зейнетақы шоты жабылады

4004
Adyrna.kz Telegram

БЖЗҚ жинақтары жоқ зейнетақы шоттарының жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшіне енгені туралы хабарлайды. Бұған сәйкес ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткен соң жабылады»,-делінген хабарламада.

Осылайша БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның ішінде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтініш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленіп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ-ларға төлем не аударым жасалғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде зейнетақы жарналары түспеген жағдайларда мұндай ЖЗШ жабылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ 121 мың шот бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер