Елімізде -30 градус аяз күтілуде

3888
Adyrna.kz Telegram

Қазгидромет мамандары ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы

12-14 наурыз аралығында Шығыс-Қазақстан облысында бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының 2-7, кей жерлерде 10 градус аяздан 20-25, кей жерлерде 30, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 13 наурызда облыстың басым бөлігінде қар, кей жерлерінде қатты қар жауады. Өскемен қ.: 12 наурызда күндіз көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 12 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

12-13 наурыз аралығында Солтүстік-Қазақстан облысында ауа температурасының 13-16 градус аяздан 25-30, кей жерлерде 22 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Қызылорда облысы

12 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 12 наурызда көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласында түнде 12 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

12 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 17-22 м/с дейін күтіледі. Ақтау қ.: 12 наурызда күндіз көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

12 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер