57 жолаушысы бар автобус оқыс жағдайға тап болды

3466
Adyrna.kz Telegram

«Түркістан-Шымкент» бағытында шыққан жолаушылар тасымалдайтын автобусқа көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылы 13 наурыз күні сағат 23:47-те, Отырар ауданы, Ескі Шілік е/м маңында орналасқан «Төрткөл-Шәуілдір» тас жолында көктайғақтан "Сетра" «Шымкент-Түркістан» жолаушылар тасымалдайтын автобус жолдың шетіне шығып кеткен. Автобус ішінде 57 адам ҚР азаматтары болған»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД 5 қызметкер 2 бірлік техника келіп, жолдың тазартылған бөлігіне алып шығарды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер