Қырғызстан президенті АҚШ-ты айыптады

4618
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров АҚШ саясатына қапалы екенін жеткізді. Ол бұл туралы "Азаттық" радиосына берген сұхбатында айтқан.

АҚШ Қамшы Көлбаев пен Райымбек Матраимовты кінәласа да, Қырғызстанда экономикалық сипаттағы қылмыстар жасады деп айыпталған  вице-премьер-министр Асқарбек Шадиевты Бішкекке бермей отыр. Қазіргі таңда оның АҚШ-та екені анықталған. Вашингтон өзге де Қырғызстанда қылмыс жасаған азаматтарды беруден бас тартқан көрінеді.

«Мен СІМ арқылы АҚШ елшілігінен Қамшы Көлбаевқа қатысты айыптау бойынша қылмыстық істі беруін сұрадым, сол арқылы біз ашық сот процесін жүргізер едік. Оған елшілік қызметкерлері де келіп қатыссын. Егер біз бұл іспен айналыспасақ онда айыптаса болар еді. Ол бастапқыда "Заңсыз байығаны үшін" бабымен қамауға алынып, кейін мемлекетке келтірген шығынды өтеді. Қалған бөлігін бостандыққа шыққан соң жапты. Ол ешкімді өлтірген жоқ. АҚШ "біздің оған қарсы дәлеліміз бар, ол есірткі тасымалдаумен айналысты" дейді. Бірақ бізге ешқандай дәлелді өздері бермейді», - деді Садыр Жапаров.

 

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер