Алматыда 19 жасар қыз іздестіріліп жатыр

4026
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жоғалып кеткен 19 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қыздың жоғалғаны туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болды.

Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет оның жұмыстан шыққан кезде түсірген.

«Ол қара куртка, кең қара джинсы, қара берет киген, қызғылт сөмке ұстаған», - дейді жоғалған қыздың туыстары.⠀

Жоғалған қыздың туыстары тұрғындардан ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, табуға көмектесуін сұрайды.

Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, туыстарына хабарласыңыздар +7471444110 (Алтынай)

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер