Сіз қандай блоггер болғыңыз келеді?

4657
Adyrna.kz Telegram
Мен қандай блоггер болғым келеді?
Түркияда технология саласында жұмыс жасап жатқан гений досым бар. Ол технология мен комппьютердің генийі. Екеуміз ақылдастық. Жалпы менің құрылыс саласында, басқа да компаниялармен келісім шарт жасасып, олардың статусын көтеру, техника мен технология саласында қазақ тілді контенттер жасау, өзімнің құрылыс саласында инженерлік AutoCAD бағдарламаларымен, Microsoft Excel бағдарламаларымен, Archicad, КCorelDRAW графикалық жұмыстарды жасау, т.б. басқа да бағдарламалармен инстаграммда онлайн оқыту жұмыстарын ақылы негізде жүргізуге толық мүмкіндігіміз жетеді. Әрі оның маманымыз.
Бірақ біз қазақ сегментіне керек, қазақ аудиториясы мен қазақ жастарына пайдалы дүниені қазақ тілінде жүргіземіз деп ақылдастық. Бұл шараны жүзеге асыруға бізге Инстаграммнан "подписчиктері" ең кемі 200 000 болатын аккаунт керек болып жатыр. 1 000 000 болса тіпті жақсы болады. Сондай аккаунт сатылады ма? Негізі осы жобаны біраз уақыт бұрын да ақылдасып едік, өзіміздің шаруаларымызбен айналысып, кейінге қалып кетті. Технология саласында қазақ тілді аудиторияны оқытып, мамандандырып, жұмысқа қоссақ, біздің болашақта да ұтарымыз өте көп болады. Жастарымызға көп пайдасы тиеді. Бұл технологиялық бағдарламаларды үйрену тек құрылыс саласына ғана емес, басқа да техникалық салалардағы жобаларды қазақша жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мысалы:
Зауыттар мен фабикаларда;
Мұнай мен газ саласына;
Құрылыс саласына;
Машина жасау технологиясы саласына осы бағдарламалардың пайдасы көп тиеді.
Сонымен қатар қазақ тілі де технологияның тіліне айналады. Қазақ тілі ғылым мен технологияның тілінде жұмыс жасамай ешқашан да дамымайтынын біз білдік. Жұмысты график бойынша, тематикаларын анықтап, ретімен жүргіземіз деп отырмыз. Неге осы жобаны іске асырмасқа? Мүмкіндігіміз толық жетіп тұр ғой. Бізге қазір инженерлер, технологтар, техникалық кадрлар керек. Сіз қалай ойлайсыз?
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер