АЙМАН САҒИДУЛЛА: Аз қазақты қырып алмаңыздар!

3131
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық керек пе, білім керек пе?Денсаулығың нашарлап, ауа жетпей өліп қалсаң, алған білімің көрге көмілмей ме өзіңмен бірге. Қазақ аз. Аз қазақты қырып алмаңыздар! "Онлайн оқу сапасыз, мұғалімдер дұрыс сабақ өтпейді ,"-дегендер өздеріңіз мұғалім болып, сабақ өтіп көріңіздер.

Балам жаман болса да ,аман болсын!
Министрдің атына пост жазылады кеште. Бұл сол жазбаға тақырып.

Ал, әріптестер! Кезекші сыныпқа қыруар жалақы төлегенімен , егер сіз ауырып қалсаңыз (Алла сақтасын!) еңбекке жарамсыздық парағын аштырып, бір айға еңбекке жарамсыздық парағының 40 000 теңгесін ғана аласыз.
Онда да аман қалсаңыз.(Алла сақтасын)
Мектептің ашылғанына қуанып, 1 наурыздан бастап, мектепке барып жүр едім.
Бүгін қоңырау шалып ,еңкілдеп жылаған әріптесім бар ойымды өзгертті.

Қазақ аман болсын! Министрдің көшесіндегі данышпандар! "Мұғалімдер онлайн сабақты дұрыс өтпейді, "-деген әңгімелеріңізді бізге айтпаңыздар. Сабақты мықты өте алатын болсаңыздар, министрліктің есігін күзетіп не істеп жүрсіздер? Мұғалім болып мектепте қалмадыңыздар ма өмір бақи? Әңгіме өз мекен-жайын тауып барады. Ал, қалғандарыңыз ренжімеңіздер!

Пікірлер