Миллиард жинаған қор жабылды: Эмир енді емделе алады

3614
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар Эмир есімді бүлдіршіннің еміне миллиард теңге жинады. 29 наурызда бұл туралы Эмирдің ата-анасы Сабина Даулеткалиева мен Талех Шахмаров Instagram желіcінде баяндады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Эмирдің еміне арналған қор жабылды. Бізге көрсеткен қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін барлығыңызға зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Өйткені бұл сомманы жинау, тек сіздердің арқаларыңызда мүмкін болды. Сонымен қатар бізге үлкен соманы жинауға үлес қосқан бас анонимді сиқыршымызға алғыс айтамыз.  Қорды жабық деп жариялауымыздың бірден-бір факторы біз, Эмирді емдетуге Ресейге кететінімізді атап өткіміз келеді. Бұл ғажайыптың "Қайырымдылық географиясы" (География добра) қоры мен дәрігерлердің арқасында орын алғандығын атап өткіміз келеді. Мүмкін емес болып көрінетін бұл үлкен қорды жабу, Қазақстандағы жұлын бұлшықет атрофиясымен(ЖБА) ауыратын басқа отбасылардың балаларының өмірі үшін күресті нығайтуға және қоғам мен біздің денсаулық сақтаудағы мәселенің шешімі болатындығын көрсеткендей. Қазақстандағы ЖБА-мен ауыратын 200-ге жуық науқас, оның ішінде ересектер мен балалар бар. Олар да осы ғажайыптың орын алуын күтуде. Бұл ғажайып, мемлекет жасауы керек ғажайып. Қазақстанда тіркелмеген "Спинраза" препаратын жедел тіркеу, бұл болашаққа деген, өмір сүруге деген құқығы бар жандардың арманы", - деп жазды Эмирдің ата-анасы Instagram парақшасындағы жазбасында.

Ақсай қаласының тұрғындары, Шахмаровтар отбасының кішкентай ғана періштесі Эмир "жұлын бұлшықетінің атрофиясы" диагнозымен ауыратын. Аурудың дамуын тоқтату үшін екі жасқа толғанға дейін «Золгенсма» инъекциясын алу керек. Бұл препараттың құны бір миллиард теңгені құрайды.

Эмирдің еміне арналған үлкен қорға түрлі блогерлер мен әншілер, қоғам белсенділері мен танымал жандар ат салысқан еді. Айта кетер болсақ, танымал блогер "JanSerigi" қайырымдылық қорының авторы, бұған дейін де талай жанның арманын орындауға үлесін қосқан Жансерік Қадырбаев бір тәуліктің ішінде 30 миллион қаражат жинады. Оның сөзінше, бұл авторлық қорының тарихында алғаш жиналған қомақты сома.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер