Тоқаев түркітілдес елдердің саммитінде үндеу жасады

4543
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті 1992 жылы Анкарадағы алғашқы кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдерінің басшылары бұдан әрі қасиетті Түркістанда бас қосады деп айтқанын еске алды. Сонымен қатар, ел Президенті Түркістан - бүкіл түркі халықтары үшін қасиетті орын екенін атап өтті. 

"Біз бұл кездесуді барлығымыз үшін қасиетті жер - Түркістанда ұйымдастыруды жоспарладық. Алайда, пандемияның жағдайының ушығуына байланысты саммитті онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылданды. Пандемия біткеннен кейін бәріміз бұрынғыдай кездесетінімізге сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Наурыз мерекесімен тағы да құттықтаймын. Мен барлық бауырлас елдерге өсіп, өркендеуді тілеймін. Енді мен іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде Түркі кеңесінің бейресми саммитін ашық деп жариялаймын» деді Тоқаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің айтуынша, «біздің ата-бабаларымыз ұлы ұстаз Қожа Ахмет Яссауиден діни білім алып, бүкіл түркі ислам мәдениетін бүкіл әлемге таратқан. Түркі халқы Кіші Азияға бет бұрған кезде осы құндылықтардың барлығы біздің күш-жігерімізді күшейтудің негізі болып қалыптасты».

Тоқаев түркітілдес елдердің мақсаты, түркі әлемін 21 ғасырдағы ең маңызды экономикалық, мәдени және гуманитарлық кеңістіктердің біріне айналдыру екенін атап өтті.

"Мен түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды бүкіл әлемге таныстырудан бастауға шақырамын. Сондықтан бүгінгі саммит «Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы» деп аталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды" деді Тоқаев.

2021 жылы түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті онлайн режимде өтіп жатыр. Саммитте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мен мемлекет басшылары да сөз сөйлейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер