Елорда әуежайынан "қызыл" статусты 30-дан астам адам анықталды

2486
Adyrna.kz Telegram

Бір апта ішінде Нұр-Сұлтан әуежайында «сары» статусты 36 және «қызыл» статусы бар 39 жолаушы анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алгоритм бойынша «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланған, содан кейін олар ауруханаға жатқызылды.

Жолаушылар әуежайға келмес бұрын Ashyq қосымшасын жүктеп алып, өз статусын алдын-ала тексеріп алуы керек.

Ұшуға рұқсат жоқ болған жағдайда ақшаны қайтаруға қатысты сұрақтар әуе компаниясына жіберілуі тиіс.

"Ғимарат кіреберісіндегі әуежай қызметкерлерінде арнайы планшеттер бар. Смартфондары жоқ жолаушылар ЖСН-ін қызметкерлердің планшеті арқылы енгізіп, олар туралы мәлімет біле алады. ЖСН-і жоқ шетелдік жолаушыларға келетін болсақ, олар өз статусын әуежай қызметкерлерінің планшетіндегі төлқұжат нөмірі арқылы тексере алады", деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

12 мамырда Ashyq жобасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайында толығымен іске қосылды.

Ashyq қосымшасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы мәліметтер базасымен интеграциялану арқылы жеткізіледі және ол қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па, соған байланысты жолаушының статусын анықтайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер