Үндістандық азамат 11 күн бойы талдың басында отырып, өзін оқшаулаған

4797
Adyrna.kz Telegram

Коронавируспен ауырған үндістандық азамат туыстарына ауруын жұқтырмас үшін өзін оқшаулап, 11 күн бойы талдың басында отырған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы The Print сайтына сілтеме жасап.

Үндістанның Телангана штатында тұратын Рамават Шива Найк есімді студент коронавирус жұқтырған. Алайда ол ауруханадағы адамдардың көптігіне байланысты  ауруханадан орын таба алмаған. Оның отбасы кішкентай бір бөлмелі үйде тұрады екен. Сондықтан ол ағаш басына шығып, өзін оқшаулаған. Ол үшін ағаштың басы жалғыз ғана қауіпсіз орын болған. Студент бамбуктан кішігірім платформа жасап, ағаш басына орналастырған. Үстіне көрпе төсеп, сонда түнеген. Ата-анасы ұлына арқандағы шелектің көмегімен тамақ пен су берген. Шива талдың басында уақытының көп бөлігін телефон қараумен өткізген.

Бұл оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанда, жергілікті билік жігітке ауылының жанындағы жатақханадан орын беріпті. Содан кейін ол карантиннің бірнеше күнін жайлы жерде өткізген.

Қиын жағдайдан шығудың жолын іздеген үндістандықтар соңғы кездегі елдегі жағдайға байланысты өздерін оқшаулау үшін жуыну бөлмелерін немесе уақытша орындарды паналаған.

Айта кету керек, соңғы апталарда Үндістанда тәулігіне жүз мыңдаған адам коронавирус жұқтырып, елдегі эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған.

Халықаралық көмекке қарамастан, мұндағы ауруханаларда науқастарға төсек-орын және оттегі жетіспей, мәйіттер көшеде өртеніп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер