Познер: Ресей билігінен Советтік билік түлектері толық кетуі керек

2431
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік тележүргізуші Владимир Познер Ресейдің басты проблемасы – биліктегі ескіше ойлайтын ескі адамдар екенін айтты. Познердің осы айтқандарын орыс ақпараты жарыса жазып жатыр екен.

Ресейде «Жаңа білім» атты марафон өткен. Оған қатысушылармен пікір алмасқан тележүргізуші Владимир Познер: «Біздің мемлекетімізді әлі күнге дейін сол аамдардың басқарып отырғаны – өзекті һәм қауіпті проблема деп есептеймін», - депті.

Оның айтуынша, ондай адамдарды енді қаңқасы күйреп, аты-затымен жоқ болған Совет билігі тәрбиелеп шығарған.

«Олар қазір жаңа қоғамға тап келді. Ендеше жаңа қоғамды ескіше ойлайтын, ескі санадағы адамдар басқармауы керек», - депті Познер.

Ол сондай-ақ, Ресей келешекте ашық, либералды һәм демократиялық елег айнала аталынын айтқан. Ол үшін ел билігінен «Советтік мектептен өткендер» толық кетуі керек. Познер өз сөзінде алдағы 10 жылдың ішінде мемлекеттік билікті басқарушы құрамның айтарлықтай өзгергенін қалайтынын жеткізіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Познер осыған дейін 2019 жылы да Ресей билігін «КСРО мектебінен шыққандар» билеп-төстеп отырғанын айтқан. Ол Ресей қоғамын Советтік менталитетпен басқару – жетістікке жеткізбейтінін мәлімдеген.

Нұргелді ӘБДІҒАНИҰЛЫ

Пікірлер