Үндістандық дәрігерлер COVID-19-дан жазылғандардың көзін ойып алып тастауда

2901
Adyrna.kz Telegram

Үндістандық дәрігерлер мукормикоз ауруына шалдыққан науқастардың көзін ойып алып тастауға мәжбүр. Бұл «қара зең» деген атаумен танымал ауру, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Мамандар «қара зең» ағзаның коронавирусқа және оны емдеуге қарсы көрсеткен жанама реакциясы екенін айтып өтті. Айта кетейік, аталмыш ауру коронавирустан емделіп шыққан науқастарда екі-үш аптадан кейін анықталып жатыр.

«Бұл - инфекциялық ауру емес. Мукормикоз көбіне қант диабетіне шалдыққан, иммунитеті әлсіз және көп уақыт бойы стероид қабылдағандардың бойында байқалады. Аурудың қоздырғышы - топырақта, өсімдіктерде, шіріген көкөністер мен жемістерде кездесетін саңырауқұлақтар», - деді дәрігер Анил Гоял.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер