Аида Балаева ақпараттың қолжетімділігі қалай артатынын түсіндірді

2549
Adyrna.kz Telegram

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шараларды атады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында ерекше назар аударғаны тегін емес. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң қабылданған сәттен бастап оған тұжырымдамалық өзгерістер енгізілмеген еді. Осыған байланысты, қажетті түзетулер пакеті әзірленді, оған Президент 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды», - деген министр тұжырымдамалық түзетулердің басымдықтарына тоқталды.

«Барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар немесе бөлімшелер айқындалды. Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының алдына Үкімет ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есеп енгізіледі. Ақпарат иелерінің тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар жатады. Мемлекеттік органдарға нормативтік-құқықтық акт жобалары мен бюджеттік бағдарлама жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы ақпараттық хабарламаларды интернет-ресурста орналастыру жөніндегі талап енгізілді», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер