Тойды мейрамханада емес, ұшақ жалдап, әуеде жасағандар тексерілуде

3096
Adyrna.kz Telegram

Үндістанда жас жұбайлар үйлену тойын әуеде өткізген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жұбайлар коронавирус инфекциясының кесірінен үйлену тойын жерде өткізе алмаған. Бірақ шектеулерді айналып өтудің амалын тапқан. Екі жас некесін ұшақтың ішінде қидырған. Олар тойға арнайы ұшақ жалдаған.

Неке қию рәсіміне 160-тан аса қонақ қатысқан. Ұшақта өткен тойда бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау сияқты сақтық шаралары сақталмаған.

Оқиғаның жай-жапсарын қазір Үндістанның Авиация басқармасы тексеріп жатыр.

Әуе компаниясының сол күні кезекшілік еткен қызметкерлері жұмысынан уақытша шеттетілді.

Айта кету керек, Үндістанда қазір эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Осыған байланысты бұл елдің билігі көпшілік орындарда 50-ден артық адам жиналмау керектігін ескертіп, тыйым салған.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер