Америкалық ғалым: COVID‐26 мен COVID‐32 пайда болуы мүмкін

3148
Adyrna.kz Telegram

Америкалық ғалым, коронавирус және жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылардың бірі Питер Хотез Covid-19-дың шығу тегін мұқият зерттемеген жағдайда COVID-26 және COVID-32 пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Бұл ХХІ ғасырдағы үшінші ірі індет яки коронавирустық пандемия (SARS және MERS–тен кейін). Табиғат ана егер COVID-19-дың қалай пайда болғанын анықтамасақ, COVID-26 және COVID-32 болатынын ескертіп жатыр",– деді ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында.

Сарапшы вирусологтар мен эпидемиологтарды барлық қажетті мәліметтерді жинау үшін Уханьға жіберу керек деп есептейді.

«Менің ойымша, біз Қытайға қатты қысым жасауымыз керек.  Жануарларға, адамдарға, үлгілерге және зертханаларға кедергісіз қол жеткізуі үшін санкция салу маңызды»,— деді ғалым.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер