Күшейтілген режимге көшті: Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісе түсті

2147
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушықты. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстан 4 маусым күні сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастаған. Ал сағат 06.00 болған кезде тәжікстандықтар орнатылған контейнерден 600 метрге аулақ кетті.

«Тәжік тарапынан әскери қызметшілердің жеке құрамының автомобиль және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шараны қабылдайды. Алайда ТР шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті», - деп хабарлады Шекара қызметі өкілдері.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото 24.kg сайтынан)

Пікірлер