Диагнозы белгісіз жаңа аурудан 6 адам қайтыс болды

3207
Adyrna.kz Telegram

Канаданың Нью-Брансуик провинциясында белгісіз аурудың эпидемиясы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

48 тұрғыннан жүйке ауруы белгілері анықталып, оның алтауы қайтыс болды.

Tvzvezda.ru сайтының хабарлауынша, дәрігерлер нақты диагноз қоя алмайды.

Барлық науқастар ұйқысыздықтан зардап шегуде. Оларда қозғалмалы және когнитивті функциялар әлсіреп, галлюцинация, бұлшықет ауыруы, көру қабілеті нашарлап, мазасыздық байқалады.

"Бұл тез прогрессивті деменция және психиатриялық көріністер, бұл кезде ми мен жұлын басқаратын барлық нәрсе бірден жоғалады», дейді невропатолог Нил Кэшман.

Неврологиялық бұзылыс барлық жастағы науқастарда байқалады. Ең кіші жағдай 18 жаста, ең үлкені 84 жаста.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер