Францияның президенті Батыс елдерін Ресеймен қарым-қатынасты тоқтатуға шақырды

4824
Adyrna.kz Telegram

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-тың CBS телеарнасына берген сұхбатында Ресеймен қарым-қатынаста қызыл сызықтарды анықтау, оны бұзғаны үшін санкциялар жариялау керектігін мәлімдеді.

Макронның айтуынша, Батыс елдері Ресейге қатысты екіжақты саяси ұстанымды қалыптастыруы керек:

Біріншіден, диалог жүргіземіз. Мен Ресей президенті Владимир Путинмен диалогқа келуге дайынмын. Путин де дайын деп ойлаймын. Біз әлемдегі қару-жарақты бақылау шараларында дұрыс жүйені қалаймыз. Екіншіден, әлемде болып жатқан қақтығыстарды тоқтатып, тұрақтандырғымыз келсе, онда Путин де бізбен саяси диалогқа келуі керек, деді Франция басшысы.

Арада келіспеушіліктер болып жатса, біз де Ресейге қарсы шара қолданып, ескертулер жасаймыз. Ресейге тек қана санкция жариялау жеткіліксіз, сондықтан дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтататын шараларды қолданамыз деп ашық айтты.

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер