Қылмыскер 50 жылдан кейін ұсталды

1594
Adyrna.kz Telegram

АҚШ полициясы ер адамға 50 жылдай бұрын денесі табылған, Иллинойс штатында тұрған жасөспірімді өлтірді деп айып тақты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

CNN хабарлағандай, кісі өлтіру оқиғасы 1972 жылы боллған.

Сол жылы 15 жастағы Джули Хансон бейсбол ойынына кетіп, үйіне уақытында оралмаған. Кейінірек оның денесі далалықтан табылған. Жасөспірімнің денесінде пышақ жарақаттары мен жыныстық зорлық-зомбылық іздері болған.

Жуырда полиция 76 жастағы Барри Уэлплиді ұстады. Оны ДНҚ сараптамасының арқасында тапқан: қамауға алынған туыстарының бірі отбасылық тарихты зерттеу үшін тест жасапты. Нәтижелер оқиға болған жерден табылған материалға ішінара сәйкес келген. 1972 жылы Барри Уэлпли 27 жаста болған.

Нейпервилл полиция департаментінің хабарлауынша, тергеушілер тобы Джулидің ісімен көп жылдар бойы айналысқан.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер