Ресей қарақұмық экспортына тыйым салды

2817
Adyrna.kz Telegram

Ресей 5 маусымнан бастап қарақұмық экспортына тыйым салды, бұл 31 тамызға дейін созылады. Ресей үкіметі тиісті қаулыны сәуір айының соңында қабылдаған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Уақытша тыйымның халықаралық гуманитарлық көмек тауарларына, транзиттік тауарларға, Ресейдің басқа елдердегі әскери құрылымдарының қызметіне және Байқоңыр мен Шпицбергендегі ресейлік ұйымдарға қажет өнімге қатысы жоқ.

Бидай экспорттаушыларының мәліметіне сәйкес, ресейлік қарақұмықтың негізгі импорттаушылары – Қытай, Латвия және Украина.

2020 жылдың шілдесінен биылғы жылдың сәуіріне дейін Қытайға 26,228 мың тонна, Латвияға 14,339 мың тонна, Украинаға 13,189 мың тонна қарақұмық жеткізілген. Бұдан бөлек Литва 9,812 мың тонна және Жапония 8,536 мың тонна импорттаған.

Өткен жылы Ресейде 892 мың тонна қарақұмық өсірілген.

Қазақстан былтыр төтенше жағдай енгізілген уақытта қарақұмық пен кейбір азық-түлік тауарларының экспортына тыйым салған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер