Трамп: Байденді Путин мазақ етіп отыр

2160
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесі Джо Байденді ашық түрде келеке етіп келеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «РИА Новостиге» сілтеме жасап.

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп осылай дейді.

— Қазір Байденді Қытайдың келіссөз жүргізушілері мен Ресейдің Президенті Путин ашық түрде мазақ етіп отыр. Олар оны мазақтайды, біздің елді масқаралайды, - деді Трамп Солтүстік Каролинада өткен республикашылдардың съезінде.

Бұрынғы президент «Путинмен өте жақсы қарым-қатынаста болғанын, бірақ ешкім Ресеймен ол сияқты қатал болмағанын» айтты.

Дональд Трамптың айтуынша, Джо Байден «Северный поток-2»-ні қолдайды.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер