АЙГҮЛ ОРЫНБЕК: Халқыңа су тауып бере алмай отырып, қонақ үй сенің не теңің?

3016
Adyrna.kz Telegram

Өз халқына су тауып бере алмай отырып, айдалаға қонақ үйді қалай салмақшыңдар?

Ақтауда су уақытпен беріледі екен. Күн ыстық шайынып алайын десем, қазір газға су ыстып беремін деді. Қуасың ба, көп қабатты үйде тұрып су ысытқаны несі, қолымды жуайын деп суды ашып қалсам, тіпті мұздай су жоқ. “Бізде су уақытпен беріледі, біз үйренгенбіз”,– деп күлді сіңілім. Халық бәріне көнеді, технологиясы дамыған алдыңғы қатарлы ел суға жете алмай қор болып отырғанын мына үкімет біле ме?
Ақтауындың маңындағы ауылдарда тіпті сағатпен берілетін су жоқ деп кеше оқырмандарым жазып еді. Ал үкімет айдалаға, туристтер үшін қонақ үй салмақшы. Қаланың ортасында жүрген халыққа су беріп жарыта алмай жүріп , айдалаға суды қалай тасымақшыңдар? Тегіс жерге салған үйлерің құлап жатыр, жолдарың шұрқ тесік болып тесіліп жатқанда, ойлы-қырлы жерге салған қонақ үйлерің тұрады деп ойлайсыңдар ма?
Бүкіл тәттісін қонақтарға сақтап, үйіп-төгіп беретін жоғарыда отырған жемқор аңғал ағаларым ай?! Өзгелерге жалпылдап, өзімізді төмпештеуді қашан қоясыңдар? Ең бірінші өз халқыңның жағдайын жасап үйренсеңдерші!

 

Пікірлер