Ресейдің доллардан бас тартуы бізге де зиянын тигізеді

3754
Adyrna.kz Telegram
Ресей долларды ҰӘҚ-дан алып тастап, оны еуро мен алтынға ауыстырмақшы екен
Ресей бір ай ішінде ұлттық әл-ауқат қорының барлық долларлық активтерін еуро валюта мен алтынға аударады. Бұл неткен тез арада қабылданған оперативті шешім екен... Билік енді еуро, юань және алтынға инвестициялық активтердің көлемін арттырады, деді Қаржы министрі Антон Силуанов.
Экономикасы тоқыраған Ресейге доллардан бас тарту қаншалықты жеңіл болады? Екіншіден, елге сырттан келетін экспорттық тауарлардың бәрі де доллармен айырбас ретінде келеді. Осы уақытқа дейін Батыстың санкциясына ұшыраған Ресейдің экономикасы мұны көтере алады ма?
Ресейдің мемлекеттік активтері мен ҰӘҚ-ның 35% – ға жуығы доллармен сақталған. Осылай бола тұра, Ресей активтерді долларсыздандыру процесін көшпек. Қазіргі Ресейдің экономикалық жаағдайында бұл экономикалық абсурд.
Ресейдің вице-премьері Андрей Белоусов долларды ҰӘҚ-нан шығаруды АҚШ санкцияларының ауыртпалығына байланысты маңызды шешім деп отыр. Оның пікірінше, ҰӘҚ-да американдық валютадан толық бас тарту рубль бағамына әсер етпейді, депті.
Ресейдің доллардан бас тартып, юаньге өтуі Қазақстанның экономикасына да орасан зиянын тигізеді. Біздің министрліктер санкция бізге салынып отырған жоқ, сондықтан алаңдаудың керегі жоқ деумен келеді. Олай емес. Біз Ресеймен бір экономикалық одақтамыз. Қазіргі жаппай тұтыну тауарларының қымбаттауы тікелей АҚШ-тың санкциясының әсерінен болып отыр. Ол арнайы мақаланы қажет етеді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер