Қар барысы туралы не білеміз?

7525
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі. Қар барысы өздері мекен ететін Орталық Азия тауларының сұлу табиғатынан, қатал әлемінен сыр шертеді. Атауының шығу тарихы да сан түрлі. Мысалы, Жетісу жерінде ильберс, Алматының шығысында ирвиз, түркі тілдерінде ирбиз деп атаған.

Ирбис  жіңішке, денесі ұзын, қолдары қысқа, кішілеу келген аяқтары мен ұзын құйрығымен көзге түсетін ерекше мүсінге ие жануар. Ұзындығы құйрығымен қоса 200 - 230 см болса , салмағы 55 кгдай болады. Барыстың жүндерінде сақина тәріздес қара дақтары бар. Орталық және Оңтүстік Азиядағы қар барысының таралу аймағы таулы аймақтардың шамамен 1230000 км² аумағын қамтиды.

Қазақ ежелден барыстың батылдығына тәнті болған. Тіпті дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы да Барыс жылы.

Қар барысы жалпы Қазақстан үшін тұңғыш Президенттің "Қазақстан-2030" жарлығына сәйкес,  ресми символға да айналып үлгерді. Еліміздің ең үлкен қалаларының бірі - Алматы қаласының  өзінің таңбасында барыс бейнесі бейнеленген. 1999 жылы 26 шілдеден бастап ерекше еңбегі үшін 3 дәрежелі "Қазақ барысы " ордені де құрылды. Мысалы, 1-дәрежелі "Барыс" орденін алғандар қатарында Шерхан Мұртаза, Сауытбек Абдрахманов, Мырзатай Жолдасбеков, Жақсылық Үшкемпіров сынды тұлғалар бар.

Сондай-ақ Қазақстандағы 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының символы ретінде де барыс алынған болатын. Елордада 2015 жылы "Барыс Арена" спорт комплексі де ашылған. 1999 жылы 26 қарашада құрылған елордалық хоккей командасына да ұлттық символдың құрметіне "Барыс" атауы берілді.

Қазанның 23-і күні халықаралық қар барысы күні аталып өтіледі. Қар барысы өзінің саны, таралу ауқымы жағынан Қазақстанның Қызыл кітабында үшінші санатқа енген. Бұл сүйкімді мысықтұқымдастардан мүлде айрылмас үшін мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Ұлжан Тұрлыбек

Пікірлер