Ақтөбе трассасында жүк көлігінің дөңгелектері жанып кетті

3003
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының тас жолында жүк көлігінің дөңгелектері жанып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ауылдық учаскелік полиция қызметкері жүргізушіге жанып тұрған дөңгелекті сөндіруге және жүктің қорғалуын қамтамасыз етуге көмектесті, деп жазды Мой Город.

Оқиға Ақтөбе - Болгарка - Шұбарқұдық тас жолының 80-ші шақырымында Шығырлы ауылдық округінің маңында 7 маусымда болған. 102 пультіне Ресей Федерациясынан Нұр-Сұлтанға қарай бет алған «MAN» автокөлігінде дөңгелектің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

"Шығырлы ауылдық округінің учаскелік инспекторы Алтынбек Хобдабаев дереу өрт шыққан жерге барды. Алаңға келгеннен кейін ол бірінші болып жүргізушіге өртті сөндіруге көмектесті. Су, тамақ әкеліп, ауыр жүк көлігінің тауарларын 30 сағаттық күзетін қамтамасыз етті. Жүргізушімен бірге ол сарапшыларды күтіп, содан кейін учаскелік полиция қызметкері жүргізушіге көліктегі сусындарды тиеуге және жолға шығуға көмектесті. Кетер алдында, жүргізуші Түркістан облысының тұрғыны Александр Анташкевич,  Шығырлы ауылының барлық тұрғындары мен учаскелік полиция қызметкеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді", деп атап өтті Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер