Қытайда 1 тәулікте 10 қабатты ғимарат салынды

4479
Adyrna.kz Telegram

Ғимараттың құрылысын жүргізген «Broad Group» компаниясы екен.
«Broad Group» компаниясына 10 қабатты үйдің құрылысын салуға бір күннен астам уақыт жұмсаған. Дәлірек айтқанда 28 сағат 45 минут! Болашақта мұндай құрамалар құрылыста көп қабатты тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер, ауруханалар салу үшін пайдаланылуы мүмкін. Оның ең ерекшеліктерінің бірі әрбір құрылыс модулі бүктелген күйінде көлік контейнерінің өлшемімен тең болуы (12-18 метр). Модульдерді қолданыстағы жеткізу әдістерін қолдана отырып, әлемнің кез-келген нүктесіне жеткізу оңай.
Әр модуль зауытта жиналады және негізінен сым, оқшаулау, әйнек және желдету жүйесі бар тот баспайтын болаттан жасалған құрылымнан тұрады. Қарапайым тілмен айтқанда, негізгі идея ғимараттың бөліктерін құрастырмалы дайын құрылыс алаңына жеткізу және құрылымды біртіндеп жинау. Содан кейін үй электр және су байланыстарына қосылады.
Ғимаратты бір күнде жинау үшін «Broad Group» процесті тездету және жұмысты осындай әсерлі уақытта орындау үшін шағын құрылысшылар тобын және 3 мұнаралық крандар пайдаланған. Алайда, компания өкілдері жұмысшылардың әдеттегі саны бар стандартты нысанда ғимарат тез салынатынын айтады.
Құрама конструкциялар берік, сейсмикалық төзімді, қажет болған жағдайда бөлшектеуге және тасымалдауға оңай екен.
Пысы-мысы: Қазіргі нарықта үйлердің бағасы ұшып тұрған біздің елде де осындай технологияны қолданып, тездетіп үйлерді салып, халықты тез арада қолжетімді баспанамен қамтамасыз етсе... Өзіндік құны да әлдеқайда арзанға түсер ме еді.

 

Досбол ОРАЗҒАЛИҰЛЫ, 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер