Орыстілді қазақтарға айтарым: Қазағыма тіл тигізер болсаңдар, аямаймын!

8996
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Фейсбук әлеуметтік желісінде Диана Науан есімді желі қолданушысының жазбасы кеңінен талқыланды. Онда автор "сырттан келген қазақтың басым көпшілігі мәдениетсіз" деген сарында жазба қалдырған. Алайда "сырттан келген" деген сөзі арқылы ауылдан келген жандарды немесе отанымызға қайта оралған қандастарды айтып тұр ма, ол жағы белгісіз. Жазба көпшіліктің ашуын тудырып, түрлі пікірлер жазылуда. 

Жазбаға белгілі журналист, тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің Инстаграм парақшасында жауап қайтарды.

"Орыстілді қазақтарға айтарым:
Асфальттың үстінде ешқандай ата-бабаларың туылып, орысша сөйлеп кеткен жоқ!
Түп тамырың - Сенің де, менің де - КӨШПЕНДІ ҚАЗАҚ!
Ендігі тағы да ауылдан келген ҚАЗАҒЫМА ТІЛ ТИГІЗЕР БОЛСАҢДАР, АЯМАЙМЫН!
Жазыңдар міндерің болса. Мәдениетті түрде жазыңдар. Өздеріңді Құдайдай сезініп отырмай. Көршім бар орыстілді. Соның ұлы үйімнің есігін кейде теуіп кетеді. Былтыр сол 11 жасар ұлы «Тетя, у вас ах***ная **па» деп айтқанда, шешесіне барып ескерттім. Сонда ол ешқандай әбестік жоқ деп күлді. Осы ма типа қаланың мәдениеттілігі?! Сол әйел үнемі темекісін шегіп, подъезге тастап жүреді. Бірнеше рет ескертуден соң, қойды. Осы ма кереметтілік?!
Үнемі аузы перегар сасып жүреді. Лифте жанында тұру мүмкін емес. Мен оған айтпаймын ғой барып осының бәрін.
Қайталап айтамын, жазыңдар сынды. Бірақ, улы тілдеріңе ие болыңдар! «Мамбет», «бараны», «калбиты» деп мазақ ететін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын!Алдымен сол сөзді айтар алдында айнаға қарап көріңдер!
Мен өз Қазағыма осында отырғанда, ешқайсыңа тіл тигіздірмеймін!
Осыны жадыларыңа сақтап алыңдар!Мына әйел кешеден бері өзін «Королева Елизавета» секілді сезініп отырған еді. Менің постымнан соң, Facebook, Instagram парақшаларындағы аккаунттарын жауып алды. Мен бұларға осында отырған орыстілді мәймөңкелеп жазатын блоХер емеспін!
Менің аудиториямда - орыс, кәріс, шешен, түрік, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, әзірбайжан, неміс, еврей, грузин ұлттары да бар. Олар менен қазақша үйренуде.
Қазақтілді журналист болсам да, өзге ұлт оқып отыр. Өзге ұлттың алдында өз ұлтымды таптатпаймын!", - дейді Бибігүл. 

Желі қолданушысы Диана Науан болса өзінің бұрынғы жазбасын өшіріп, жаңа жазба қалдырған. Онда ол өз ойын дұрыс жеткізе алмағанын жазып, халықтан кешірім сұрапты.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер