Алтай Көлгінов: Күзде мектептерді қайта аша алмаймыз

8109
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ол көпшілікті сырқаттанған адамдардың статистикасына бей-жай қарамауға шақырды.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Біз әлі де «қызыл аймақтамыз». Күнделікті COVID-19 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталады. Бір жағынан бұл ПТР-тестілерінің санын көбейту арқылы, екінші жағынан оқшаулау мен санитарлық нормалардың бұзылуынан болып отыр. Қала тұрғындарын сырқаттанған адамдардың статистикасына бей-жай қарамауға шақырамын. Әрбір санның артында бір адамның өмірі, олардың отбасыларының тағдыры тұр. Медициналық рұқсаты жоқ және әлі вакцинацияланбаған адамдар отпен ойнап жүргенін білмейді: олар ерте ме, кеш пе жеңіледі. Бұл ретте өз денсаулығын ғана емес, туыстарына, жақындарына және қоршаған ортаға қауіп төндіреді»,– деді Көлгінов.

Сондай-ақ қала басшысы жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында болатынын атап өтті.

«Күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз»,– деп жазды ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер