Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі Ташкентте өнер көрсетті

2454
Adyrna.kz Telegram

Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасына дипломатиялық байланыс орнағанына 25 жыл. Айтулы мерекелік дата Ташкентте кең көлемде тойланып, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Концертте қазақ өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, қазақтың күйлерімен қоса әлем классиктерінің шығармаларын орындады. Сонымен қатар, концерттік жиынға қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Нұрлан Абдуллин, опера әншісі Сүндет Байғожин, Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі Жеңісбек Пиязов қатысты.

ЖЕҢІСБЕК ПИЯЗОВ,ӨЗБЕКСТАН ЖӘНЕ ҚАРАҚАЛПАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:  - Құрманғазы бұрыннан келе жатқан оркестр. Бұлардың репертуарында бүткүл дүниенің елдің музыкалары бар. Сондықтан осы оркестрмен айтқаныма қуаныштымын. Екі елдің достығы мәңгі болсын. СҮНДЕТ БАЙҒОЖИН, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:  - Құрманғазы оркестрі өз өнерін паш етіп жатыр.Тек қана бұл жерде өзіміздің ғана әндер емес осы Өзбекстанның әндері Қазақ әндері айтылып жатыр.Екі ел арасындағы қарым қатынас ешқашан үзілмесін.


Қосымша ақпарат алу үшін:

 http://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_189195_

 

Пікірлер