Тәуелсіздіктің 30 жылында елдегі БАҚ саны 407-ден 4,5 мыңға артты

1609
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Тәуелсіздік жылдарында елдегі ақпарат құралдарының саны 407-ден 4,5 мыңға көбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева URKER-2021 ұлттық бәйгесінің марапаттау шарасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы сәтті пайдаланып журналистер қауымы мен барша ақпарат саласының мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мемлекетімізге өткен отандық медиа саласы да жаңару, даму кезеңінен өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде тек 407 ақпарат құралы, соның ішінде екі телеарна ғана болса, қазір олардың саны 4,5 мыңнан асты. Бір ғана «Qazaqstan» ұлттық арнасы бүгінде құрамына 5 республикалық, 14 өңірлік телеарна, 4 радио енетін үлкен ұлттық корпорацияға айналды, - деді министр.

Ведомство басшысы ақпарат құралдарының санымен бірге сапасы да артқанын атады.

Ұлттық медиа тарихында тұғыш рет балалар арнасы Balapan, спорт арнасы QazSport, көрермендерің көзайымы болып отырған Abai арнасы іске қосылды. Тәулік бойы ақпарат тарататын «Хабар-24», 10 миллионға жуық көрермені бар «El Arna «, әлемнің 120-дан астам еліне хабар тарататын Qazaq.tv бар «Хабар» агенттігі – бүгін ең ірі медиаорталық. Жалпы ел аумағында қазіргі таңда 184 телеарна, 79 радио, 790 ақпараттық агенттік бар, - деді Аида Балаева.

Ақпарат www.inform.kz сайтынан алынды

Пікірлер