Түлектер түрмеден бір-ақ шықты

7457
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық біріңғай тестілеуге өз орнына бөтен біреуді өткізбек болған 4 оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әлгі төртеудің арасында жақсы үлгерімімен көзге түскен «Алтын белгі» иелері де бар. Олар жалған құжат жасап, орнына өзге адамды өткізбек болғандары үшін ұсталған.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жалпы биыл елімізде 190 мың түлек мемлекеттік емтиханнан өтіп, тестілеу нәтижесімен танысқан.

Ұлттық тестілеу орталығы басшысының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, түлектерге сынақ тасыруға екі мүмкіндік беріледі. Дегенмен талап қатал. Себебі камераға оқушының жауапты көшіргені жазылса, бірден тест тапсыру мүмкіндігінен айырылады.

«Өте қатты қиын сұрақтар жоқ. Мысалы, математиканы салыстыратын болсақ, көрші елдермен салыстырсақ, ең жеңіл математика тесттері бізде деп айтуға болады, онда да 11-сыныптарға арналған. Сондықтан қатал түрде өткені дұрыс деп ойлаймын», — дейді Білім беру орталығының басшысы Бөгенбай Серікбай.
Алайда соған қарамастан, жылдағы дәстүрден жаңылмай, қитұрқы әрекеттерге барған түлектерді де кездестіруге болады. Олар өз халдерінше көмекші құралдарға жүгінбек болған.

«Бізде бір тестіленуші өзінің жоғары жағындағы камераға скотч жабыстыруға талпынған. Енді адамның фантазиясы деген әр қилы ғой. Сондықтан әркім шамасы келгенше дайындалған болар», — дейді Н.Дидарбекова.

Айта кету керек, биыл Ұлттық біріңғай тестілеу маусымның 30-ына дейін жалғасады.  

                                                                                                                                           "Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер