Елімізде азық-түлік қымбаттады: баға қалай өзгерді?

3594
Adyrna.kz Telegram

Елімізде соңғы кездері азық-түлік бағасының, соның ішінде көкөністердің бағасының қымбаттап жатқаны белгілі. "Адырна" ұлттық порталының тілшісі Алматы қаласындағы дүкендер желісі мен жеміс-жидек (көкөніс) сататын орындарға барып, бағаның қалай өзгергенін біліп қайтты.

Отандық картоп бағасы - 235 теңге болса, Египеттен келген картоптар дүкендерде 399 теңгеден сатылып жатыр. Капуста - 119, жуа - 113 теңге. Ал жас сәбіз бағасы - 507 теңгеге дейін көтерілген.

Осы тұрғыда жеміс-жидек сататын орындардағы саудагерлер бағаның өсуіне қатысты ойларын да айтты.

"Бір отбасыға бір пакет картоп. Одан артық алуға болмайды. Бірнеше адам болып келсеңіз де, бір пакет картоп ала аласыз. Бізге берілген тапсырма осындай. Бақылауда ұстауымыз керек. Әйтпесе, басқаларға, азық-түлікті қажетсініп отырған адамдарға картоп жетпей қалуы мүмкін", - дейді сатушы.

Одан бөлек сатушылардың сөздерінен отандық өнім бағасының аса қымбаттамағанын, ал шетелдік тауарлардың жоғары бағада сатылып жатқанын біле алдық.

"Отандық өнім, елімізде өсірілген көкөністер арзан бағада сатылып жатыр. Алайда Өзбекстаннан келген өнімдер мен Египеттен келетін картоп бағасы қымбат. Сонымен қатар отандық сәбіз бағасы да аспандап тұр", - дейді тағы бір саудагер.

Ақмарал БЕРЕКЕТ,

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер