Алматыда 3,5 мың адам қатысқан концерт өтті. Карантин қайда?

4716
Adyrna.kz Telegram

Кеше Алматы қаласындағы "Алматы Аренаның" алаңында "2Rar" лақап атымен танымал  жас әнші Тұрар Ыдырыс концерт өткізді. Оған 3,5 мың адам қатысқан деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Концертте жас әнші өз репертуарындағы және басқа да танымал әндерді орындады. "Алматы Аренаға" жиналған жұртшылық әншінің алғашқы концертін барынша қолдап, жастар жағы қосылып ән шырқады.

Сондай-ақ оның ән кешінде Әміре, Садраддин, Мирас Жүгінісов, Таспай, т.б. әншілер келіп өнер көрсетті. Ал концертті блогерлер — Жансерік Қадырбаев пен Разюша жүргізді.

Жас әнші бұған дейін өзінің инстаграм парақшасында Алматының қақ ортасына ілінген афишасын көрсетіп, тыңдармандарды өзінің концертіне шақырған болатын.

Ал осыдан екі апта бұрын Тұрар Ыдырыс  бір күн бойы "Gakku" телеарнасының Instagram stories-ін жүргізіп, өз армандарымен бөліскен. Ол өз жазбасында:

“"Gakku" арнасының инстаграмын мен жүргіземін. Кіріп, қарап көріңіздер, қызық болады. “Сары қыз” видеоклипі дайын болғанда, "Gakku" арнасына ұсынғанмын, алайда клиптің сапасы төмен, қабылдай алмаймыз деп қайтарып жіберді. Енді міне stories-ті мен жүргізіп тұрмын. Армандаңыздар, армандар орындалады”,-деді.

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер