Қытай Марстан түсірілген видеоны жариялады (видео)

3529
Adyrna.kz Telegram

Қытай ұлттық ғарыш агенттігі Марстан түсірілген бейнежазбаларды жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жазбада аппараттың парашютін ашу сәті көрсетілген. «Чжучжун» ровері планетада 42 күн ішінде 236 м жүріп өткен.

Бұл миссияның негізгі міндеті – Марс топырағының беті мен құрамын, атмосфера мен климаттық жағдайларды зерттеу.

Айта кетейік, 15 маусымда Қытай алғаш рет бұл планетаға ғарыш аппаратын сәтті қондырған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер