Назарбаев елордадағы пәтерлер ұтысына қатыса ма, Көлгінов жауап берді

3367
Adyrna.kz Telegram

КҚК-де өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев вакцинацияланған адамдар арасында пәтер ұтысына қатыса ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Бұған дейін әкімдік коронавирусқа қарсы вакцинацияға азаматтарды көптеп тарту үшін осындай акция жариялады, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

"Мен мынаны айтқым келеді: Елбасы өз мысалында сіздің денсаулығыңызды, айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін вакцинация қажет екенін көрсетті. Сондықтан, Елбасыдан үлгі алайық, ол өзі жеке мысал арқылы тәртіпті қалай сақтау керектігін және өзіңізге қалай қарау керектігін көрсетті", - деді Көлгінов.

Сонымен бірге, ол коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның маңыздылығын еске түсірді.

"Конкурс туралы біз жариялаған ақпарат барлық вакцинанация алғандарға арналған. Сондықтан біз вакцина алмаған адамдарды, вакцинациялануға шақырамыз. Екі жол бар, дейді мамандар. Біріншіден, адам вирус жұқтырып, вирустың көп мөлшерін алады, содан кейін ол өз ағзаларын қалпына келтіруі керек: бауырды, бүйректі, ішкі ағзаларды. Екіншісі - вакцина алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғау", - деп сөзін аяқтады әкім.

25 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевқа Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында шығарылған алғашқы Sputnik V компоненті егілді. Вакцинациядан кейін Тұңғыш Президент қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және белсенді вакцинациялауға шақырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер